Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.09.2019

Алмалы ауданы мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды


Алмалы ауданының барлық мектептерінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған 3522 және жалпы 28 мыңнан астам оқушы үшін салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында Алмалы ауданының әкімі Бекқали Нұрғалиұлы Торғаев барлығын Білім күнімен құттықтап, оқушыларға сәттілік тілеп, мемлекеттік деңгейде балаларымыздың лайықты білім алуына және өмірге үлкен жолдама алуына барлық жағдай жасалатынын атап өтті.



Сапалы білім - өз күшіне сенімділіктің негізі, жеке және жалпы ұлттық табыстың болашағы негізінде кілт болып табылады. Балаларымыздың қауіпсіздігін арттыру және жағымсыз салдардың алдын алуға көңіл бөлініп, алдын алу шараларының аясында бүгін мереке қарсаңында өз есігін 18 гимназия айқара ашты. Аталған мектеп ғимаратын сейсмикалық күшейту жұмыстары мәресіне жетті және жыл соңына дейін аудан бойынша 25 гимназияны сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталмақ.



Мұғалімдердің жүктемесін қысқартуды, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау кепілдігін және материалдық ынталандыруды көздейтін кешенді қолдау шаралары қарастырылған қарастырылған «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заң жобасы қабылдану сатысында.



Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша
(@sagintayev.b)2020 жылдан Ұстаздар күнінің қарсаңында нәтижесі белгілі болатын "Úzdіk ustaz" жыл сайынғы қалалық конкурсы жаңғыртылды. Байқау жеңімпазы сыйлықтардан тыс Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі мәртебесіне ие болады
.
Тамыз айында «Мектепке жол!» республикалық акциясы аясында жеке кәсіпорындардың қолдау есебінен әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 2 мыңнан астам бала мектеп формасы және мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды.


01.09.2019