Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.10.2016

Ардагерлерді ардақтайық


Барлық жастағы азаматтардың өмірін жақсартуға және қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1 қазан Халықаралық қарттар күні болып жарияланды.



Алмалы ауданында 35603 зейнеткер тұрады. Оның ішінде 116 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, 3650 тыл еңбеккерлері, 467 үй ішінде көмек көрсетілетін жалғыз басты және жалғыз ілікті зейнеткерлер. 



Осыған байланысты Алмалы ауданында соғыс ардагерлеріне және еңбек ардагерлеріне аудан мекемелері мен кәсіпорындарында құрмет көрсету жоспарлануда. Оларға мәдени іс-шаралар, театр, концерттер және т.б. ұйымдастырылуда.



Ауданның барлық мектептерінде салтанатты шаралар, сыныптық сағаттар, «Шын жүректен» тақырыптық кештер өткізіледі. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен жалғыз басты қарттарға үйде көмек көрсетуге бағытталған «Тимуршылар қозғалысы» белсенді жүргізілуде. 
Ауданның денсаулық сақтау мекемелерінде ашық есіктер күнін өткізу жоспарлануда. Жоспар бойынша ҰОС ардагерлеріне, аз қамтылған зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және қарт адамдарға кешенді медициналық тексеру мен стомотологиялық көмектер көрсету қарастырылған.  



Осы орайда, Қарттар айлығы аясында Алмалы ауданы әкімінің Аппараты «Ұлы Отан соғысы ардагерлері емханасы» мен Алмалы аудандық «Нұр отан» партиясының филиалымен бірлесе отырып «Ашық есіктер күні» – науқанын өткізуді жоспарлауда.
 

Науқанның мақсаты: «Ардагерлерді ардақтайық» - «С заботой о старшем поколении» - жобасын іске асыру мақсатында және ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық көрсетуге және қарттардың құқықтарын қорғауға, қоғамдағы орнын дәріптеуді насихаттауға бағытталған
Бағдарламада: Дәрігерлердің тегін кеңестері және мемлекеттік тапсырыстың көлемінде емдеу жүргізіледі. 
Ұлы Отан Соғыс ардагерлер емханасында барлығы 12500 қарт адам тіркелген. Соның ішінде 15 адам –соғыс мүгедегі, 61 адам- соғысқа қатысқан, 1204 адам-соғыс уақытында тылда жұмыс істеген адамдар.
Бұл шараға емхана мамандарынан бөлек Асфендияров атындағы университеттің профессор және оқытушылар құрамы, Алмалы әкімдігінің өкілдері, ардагерлер кеңесі және Алмалы ауданының бас дәрігері қатысты. 
Науқастарға жедел жәрдем және шұғыл көмек көрсету кафедрасы, №1 ЖМД интернатура және резидентура кафедрасы, оториноларингология кафедрасы мамандары, С.Д.Асфендияров атындағы унивеситетінің нефрология мамандары тереңдетілген кеңестер берді. 120 адамға кеңестер берілді, сонымен қатар  қант, холестерин сараптамасы жасалынды. ЭКГ түсіріліп, ФГ, УЗИ-ден өтті.
Күндізгі стационарға жіберілген адамдар саны- 12; Уйде ұйымдастырылған стационар саны -4; Қала ауруханаларына жіберілгендер саны-6; Тіс протезін салуға -19 адам жіберілді. Психолог мамандары 67 адамға кеңес берді.
Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің Аппараты, Ұлы Отан соғысы ардагерлері емханасы, Алмалы аудандық «Нұр отан» партиясының филиалы.


01.10.2016