Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.10.2018

Алмалы ауданының әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін үй ішінде Қарттар айы мерекесімен құттықтады


Аудан әкімі Торғаеев Бекқали Нұрғалиұлы  Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып Қарттар айымен құттықтап мерекелік қоржын табыс етті.
Бекқали Нұрғалиұлы ақын, жазушы, майдангер, отставкадағы полковник, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, құрметті азаматы, кавалері, бес орден, отыз бес медаль бар ардагер – Гирш Леонид Юзефовичтың  және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі, Мәскеу қаласындағы «Қазақ тілі» қоғамының төреғасы, 2 мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған тыл ардагер Жаданов Сәбит Қайырұлының үйлерінде болып қайтты. Ардагерлерді мерекесімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті.  Аудан əкімі мен ардагерлердің арасындағы əңгіменің негізгі тақырыбы әскери оқиғалар және солдаттар мен офицерлердің соғыс кезіндегі істеген белгісіз ерліктері боды. 



Барлық жастағы азаматтардың өмірін жақсартуға және қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1 қазан Халықаралық қарттар күні болып жарияланды.
Алмалы ауданында 36348 зейнеткер тұрады. Оның ішінде 61 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, 3 131 тыл еңбеккерлері, 504 үй ішінде көмек көрсетілетін жалғыз басты және жалғыз ілікті зейнеткерлер. 

 
   
Осыған байланысты қазан айы бойы Алмалы ауданында соғыс ардагерлеріне және еңбек ардагерлеріне аудан мекемелері мен кәсіпорындарында құрмет көрсету жалғасын табуда. Оларға мәдени іс-шаралар, театр, концерттер және т.б. ұйымдастырылуда.
Қарттар айы аясында аудандағы қарт адамдарға келісі іс-шаралар жүргізілу жоспарлануда: бильярд және боулинг турнирлері, театр, кинотеатрларға тегін көрсетілімдер және үйде көрсетілетін медициналық көмек т.б. Жоспарланған іс-шаралар туралы ақпаратты 2615120, 272-36-92 байланыс нөмірлерінен біле аласыз.


01.10.2018