Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.11.2017

«Қазақ зағиптар қоғамының» құрылғанына 80-жыл!


«Қазақ зағиптар қоғамының» құрылғанына 80-жыл толуына байланысты №1 Алматы оқу-өндірістік мекемесінде іс-шара өтті және Алмалы ауданының әкімі кәсіпорын қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті. Осы мерекеге орай аумақты тазалауға Алмалы ауданы әкімінің аппараты қызметкерлері, өндірістік емес мекемелердің басшылары және серіктестерінің еріктілері бөлініп көмек көрсетті.



Іс-шара барысында мекеменің өндіретін өнімдер көрмесі, оқу-өндіріс шеберханаларын аралау, салтанатты отырыс, концерттік бағдарламма өткізілді және мекеменің құрылу тарихын айта отырып жаңа үлгіде  картон, санитарлық-гигиеналық бұйымдар шығаратын құралдарға беташар жасалып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту және зағип жандарды  қоғамдық-еңбекті оңалтуға шақырды. 



1920-1930 жылдары республиканың әлеуметтік қамсыздандыру  халық комиссариатының  қарамағында  ең алғаш кішігірім шеберханалар, еңбек бірлестіктері, мектептер, училищелер құрылған. 1937 жылы Қазақ Автономиялық республикасының құрылуына орай жеке-жеке ұйымдар біріктіріліп – «Қазақ зағиптар қоғамы» құрылды. Сол жылы  оқу-өндіріс шеберханалары құрыла бастады және «Қазақ зағиптар қоғамының» Алматы оқу-өндірістік мекемесі құрылды. Содан бері мекеме халық тұтынатын өнімдер шығарып келеді.



Қазіргі кезде кәсіпорында 70 астам адам жұмыс істейді, олардың 60% -ы зағип жандар. Ағымдағы жылы бұл кәсіпорын 226 млн. теңгеге өнім шығарды. Алмалы ауданы әкімінің аппараты ауданның  әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын кәсіпорындарға мүмкіндігінше қол ұшын беруге дайын.




01.11.2017