Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.12.2016

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күнін тойлау аясында Алмалы ауданында Жастар форумы өтті


Алмалы ауданындағы Жастар форумын Алмалы ауданы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің Алмалы аудандық бөлімшесі, Алматы технологиялық университетінің ұйымдастыруымен АТУ мәжіліс залында өткізілді. Алматы технологиялық университетінде мәжіліс залы фойеде стеллаждар  орнатылып,  онда  Ұлт Көшбасшысы туралы көркем-әдеби  және  танымдық  түрлі  кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.



Форумға: Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов, Алматы Технологиялық Университетінің ректоры, академик Талғат Құлажанов, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің сыныптасы Серазитдинова Рая Ғарисқызы, Алмалы ауданы белсенді жастарының көшбасшысы  Ержан Әбдешов қатысты.
Жастар форумында сөз сөйлеген Жасұлан Естенов Тұңғыш Президент күні мерекесінің маңыздылығын атап өтіп, өскелең ұрпаққа басты назар аударылып, жастарды қолдауға бағытталған іс-шаралар қамтылған "100 қадам" ұлт жоспары, "Жұмыспен қамту-2020 жол картасы", "Бизнестің жол картасы-2020", "Дипломмен ауылға", "Жасыл Ел" мемлекеттік бағдарламаларының маңыздылығын алға тартты.



Сонымен қатар, игі іс-шара барысында Қазақстандық  боксшы, 2000 жылғы олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиадалық ойындарының жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ермахан Ибраимов Жеңіс туын Бүкіләлемдік қысқы Универсиада – 2017 қатысатын жастарға табыстады. 



Форум ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концертке ұласып, онда «Нұр Би» ансамблі, АмадИ квартеті, Алматы Технологиялық университетінің «Тай – на» сән театры, сондай-ақ, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика универсиетінің, Қазақ Спорт және туризм академиясының, Алматы Технологиялық университетінің, Құрманғазы атындағы  Қазақ Ұлттық консерваториясының және ауданның көптеген басқа жоғары оқу орындарының талантты да дарынды өнерпаз жастары өнерлерін сыйға тартты.



Тұңғыш Президент күні барлық қазақстандықтардың тарихи таңдау бірлігін білдіріп, Қазақстан халқының өздерінің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген жоғары сенімінің, терең сыйластығы мен ықыласының белгісі болып табылады. 


01.12.2016