2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.02.2016

Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайыновтың 2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша тұрғындармен есептік кездесулері басталды


Ш. Смаханұлы атындағы № 62 гимназиясында Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайыновтың тұрғындармен есептік кездесуі өтті.

Жиынға аудандық қызмет басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару комитеті және аудан тұрғындары қатысты.

Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайынов 2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларымен жан-жақты таныстырып өтті.

«Бүгін біз дәстүрге сай өткен жылды қорытындылап, алдағы жұмысымыздың басым бағыттарын белгілейтін есепті жиында кездесіп отырмыз. Биылғы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын қала жұрты 5 институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының алғашқы нәтижелерімен  танысып,  елімізбен бірге Алматы қаласы да ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерімен қарсы алып отыр» - деді өз сөзінде аудан басшысы Серік Құсайынов.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы экономика мен әлеуметтік саладағы жағымды үрдістердің сақталып келе жатқандығын көрсетті.

2015 жылғы жағдай бойынша салық және басқа да төлемдер бойынша мемлекеттік бюджетке 263 млрд. 552 млн. 731 мың теңге сомасындасалық түсімі қамтамасыз етілді, орындалуы 110% құрады.

Республикалық бюджетке түсімдер 190 млрд. 368 млн. 719 мың теңгені құрады,орындалуы 112%, жергілікті бюджетке түсімдер 73 млрд. 184 млн. 012 мың теңгені құрады, орындалуы - 103%.

Кездесу барысында аудан азаматтарының сұрақтары тыңдалады.


02.02.2016