Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.03.2016

Алмалы ауданында аулалық клубтардың «Мүмкіндіктер калейдоскопы» фестивалі өтті


Алмалы ауданында И. В. Панфилов атындағы нөмірі №54-ші Қазақстан-Ресей мектебінде аулалық клубтар арасында «Мүмкіндіктер калейдоскопы» атты қалалық фестиваль өтті. Оны ұйымдастырушы - Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры.

Алматыда аулалық клубтарды дамыту бағдарламасы 2001 жылы қолға алынған болатын. Қазіргі таңда 8 ауданда 44 аулалық клуб жұмыс істейді. Клубтардағы үйірмелер мен секцияларда 3000-нан астам жасөспірім тегін түрде әр түрлі шығармашылық жұмыстармен айналысады. Мысалы, бірі спортпен шұғылданса, енді бірі әр түрлі қолөнер бұйымдарын жасап үйренеді. 

2016 жылдың 15-21-ші ақпаны аралығында қаланың барлық аулалық клубтарында фестивальдің алдын ала туры өткізілді. Оларға 430-дан астам жасөспірім қатысты.

Ал финалда өнер көрсетуге 25 ең үздік спорт және шығармашылық ұжымдар жолдама алды.

Одан басқа, фестиваль аясында қолданбалы өнер үйірмелерінің жетістіктері бойынша көрме ұйымдастырылды.

 «Біз жылына екі рет осындай шара өткізіп тұрамыз. Бұл фестиваль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Бұл шара аулалық клубтардың жетістіктерін паш ететін көрмеге айналды. Біз бұл жерде үздік шығармашылық нөмірлерді және үздік қолөнер бұйымдарын жыл сайынғы ұлттық дельфий ойындарына таңдап аламыз», - деді Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Совет Сейітов.


02.03.2016