Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.07.2015

Алмалы ауданында «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығының аумағында балалармен «Зарница» әскери-спорттық ойынын өтті


Алматыда Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бригадасы 97617 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығының аумағында балалармен «Зарница» әскери-спорттық ойынын өткізді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен. 

Бұл ойынға Алматы қаласының әртүрлі аудандарынан жиналған 7 мен 15 жас аралығындағы 100-ден астам балауса қатысты. Кішкентай жауынгерлерге бірнеше кезеңнен өтуге тура келді. Біріншісі «Кедергі жолағы» - ойын әскери-спорттық эстафета түрінде құрылды. Балаларға шытырман жолдан шығу амалын табу, оқ-дәрілерді апару, химиялық шабуылдан құтылу, алғашқы медициналық көмек көрсету қажет болды. Екінші кезең - «Жалауды басып алу» кезеңінде жас эрудиттер жұмбақтар мен ребустар жасырылған конверттерді алды. Сол арқылы олар өздерінің мақсаттарына жетті. 

Байқауды ұйымдастыру мен өткізуге 97617 әскери бөлімінің тәрбиеші офицерлері және 38-десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері белсене қатысты. Сондай-ақ олардың қару-жарағы мен әскери техникасы қолданылды.

02.07.2015