Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.10.2015

Алмалы ауданында Мұғалімдер күніне орай салтанатты жиын болып өтті


Салтанатты жиын А.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының орталық көрме залында өтті. 

Аудан әкімі Серік Құсайынов ауданның білім саласындағы үздік ұстаздар мен тәрбиешілерді құттықтады. 

Аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде білім саласын дамытуда мемлекет басшысы аса зор көңіл аударып, елімізде үлкен жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті. Жыл сайын елімізде мектептер мен балабақшалар саны артып жаңа білім мекемелері бой көтеріп келеді. Сонымен қатар білім беру мекемелеріндегі  материалды техникалық база жаңартылу үстінде. 

Атап өту керек соңғы екі жылда Алмалы ауданында 4 мектепке дейінгі білім беру мекемелері бой көтерді. 2014-2015 оқу жылында өткен ҰБТ қорытындысы бойынша ауданымыз қала бойынша екінші орын алды. 2014-2015 оқу жылында 130 жас маман иелері, яғни жас мұғалімдер 150 000 теңгені құрайтын Алматы қаласы әкімінің сыйақысын алды, ал 66 үздік мұғалім 300 000 мың теңге көлемінде сыйақы алған.

02.10.2015