2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.10.2015

Алмалы ауданында алғашқы рет «Ашық көшелер» атты фестиваль өткізіледі


11 қазан жексенбі күні сағат 9.00 ден бастап 14.00 дейін Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары көліктерден босатылған көшелермен қалай еркін жүріп дем алуға болатынын сезінеді және қазіргі заманғы қала көшесінің өміріне  терең бойлайтын болады.

Осы іс-шараны өткізу шеңберінде қаланың Қарасай батыр – Панфилов –Абылай хан – Айтеке би сияқты орталық көшелері күннің бірінші жартысында автокөліктердің қозғалысы үшін жабылады.

Көліктер емес адамдар үшін ашылған көшелер жаяу жүріп қыдыру, велосипедпен еркін жүру, би және спорттық конкурстар т.б. көптеген шаралар өткізу  үшін қалалықтарға беріледі. «Жасыл көшелер» мерекесіне келген қала тұрғындары мен қонақтары кроссфит бойынша, сурет салу жарыстарға қатысып,  йога кілемінде бой жазады, велосипед теуіп, зумба биін билейтін болады және жол қауіпсіздігі туралы театрландырылған көріністі тамашалайды, достарымен қауышады. 

Парк аймағында орналасқан қалалық жылжымалы кітапхана әдебиет әлеміндегі жаңалықтармен танысуға көмектеседі. 

Қаланың алыс аудандарда тұратын және велосипедпен фестиваль өткізілетін жерге жетуге мүмкіндігі жоқ адамдар үшін велосипедтерін алып жүру үшін қоғамдық көліктер мен метроны пайдалану мүмкіндіктері ұсынылады.

Панфилов көшесіндегі метро станциясында велосипедтерді жалға беру ұйымдастырылады. 

02.10.2015