Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.02.2017

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды


ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты –  «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Зауреш Аманжолова С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастармен кездесті. Сонымен қатар кездесуге «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Станислав Канкуров, Алмалы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Ордабаева қатысты.


Кездесу Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және Елбасымыздың еліміздегі әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеуге байланысты билік құрылымдары арасындағы өкілеттіліктерді бөлу туралы Үндеуін талқылауға арналған.


Жиын барысында, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты –  «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Зауреш Аманжолова Жолдаудың маңызды бөлімдерін атап өтіп, өз ойымен бөлісті және сұрақтарға жауап берді. 

 

02.02.2017