Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.02.2018

Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естеновтің тұрғындармен қорытынды есептік кездесуі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өтті




Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде аудан әкімі Жасұлан Естеновтің №6 округ тұрғындарымен есептік кездесуі өтті. Кездесуге қалалық басқарма басшылары,  ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Абдрахим, м.о. Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысының орынбасары Жанар Садвакасова. аудан құрылымдарының  басшылары, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Ордабаева, аудан әкімінің орынбасарлары, ЖӨӨБК төрағалары және аудан тұрғындары қатысты. 



Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 2005 жылдан бері әр деңгейдегі әкімдер атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп береді.Бұл тәжірибе жергілікті атқарушы билік басшыларының жұртшылықпен кері байланыс тетіктері ретінде өз тиімділігін растады. Олар халықтың елімізде өтіп жатқан реформалар, жергілікті органдардың жауапкершілігінің артуы мен есеп беруі туралы хабардар болуын жақсартуға, тұрғындарды  мазалаған сұрақтарын  жедел шешімін табуға көмектеседі.



Шара барысында Жасұлан Тоққожаұлы жиналған тұрғындар алдында ауданның 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есеп берді. Шараның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін тұрғындарды мазалаған сұрақтар бойынша талқылау жүрді.



Аудан тұрғындары Жасұлан Тоққожаұлына өздерінің сұрақтары мен ұсыныстарын білдірді. 
Аудан әкіміне қойылған барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауап берілді, сонымен қоса, тұрғындар қозғаған мәселелер аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.



Жалпы Алмалы ауданындағы әкімнің есептік кездесуіне 2105 тұрғындар қатысты, ауданда 7 кездесу өтті және тұрғындар тарпынан 113 сұрақтар қойылды. Барлық қойылған сұрақтар аудан басшылығының бақылауында. 







02.02.2018