Хабарландыру

02.03.2017
Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында алғыс айту күні өтті
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Қазақ жерінің жылуы» атты (тарихи-деректі экскурс) шараны өте жоғары идеялық-саяси және эмоционалдық деңгейде өткізді.

Шараның мақсаты:
- түрлі этнос өкілдерінің қазақ халқына алғыс айтуының мәнін ашу;
- еліміздің тарихы қалыптастырған бейбітшілік, достық және келісім құндылықтарын жастардың түсінуі;
- мәдени және этникалық төзімділік, ризашылық сезімін дамыту;
- Қазақстан қоғамындағы сенім мен келісімді нығайту;

Татулық – табылмас бақыт» дейді дана халқымыз. Шындығында да бұл ақиқат болып табылады. Халықтар бірлігі – ұрпақтар берекесі мен мемлекетіміздің гүлденуі үшін сақталуы және дамуы тиіс ұлы бақыт.
