Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.05.2017

Алмалы ауданында жекеменшік балабақшалар қызметінің проблемалық мәселелері бойынша жиналыс өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанованың төрағалымен Алматы қ. жекеменшік балабақшалар қызметінің проблемалық мәселелері бойынша Алмалы ауданы мектепке дейінгі тәрбиенің жекеменшік ұйымдарының жетекшілері және ата-аналар қауымының қатысуымен жиналыс өтті.



Жиналысқа Әлия Сағиева – Алматы қ. Білім басқармасының мектепке дейінгі бөлім басшысы; Талғат Уражанов – Алмалы ауданы прокурорының орынбасары; Күнсұлу Ракимбаева – Алмалы ауданы бойынша Қоғамдық денсаулық басқармасының бас маманы; Эльмира   Муталляпова – Алмалы аудандық білім беру бөлімінің бас маманы. 
Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің жағдайы, сондай-ақ, жекеменшік балабақшалармен жұмыс кезінде орын алатын проблемалық мәселелерді Алматы қ. Білім басқармасы мектепке дейінгі бөлімінің жетекшісі Әлия Сағиева атап өтті. Жекеменшік балабақшалардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарының бұзылуы, сондай-ақ, оларды жою шаралары бойынша Алмалы ауданы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Күнсұлу Рахымбекова баяндама жасады.



2016/2019 жж. арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында, сондай-ақ, Алматы қаласы әкімінің мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларды қамту бойынша   2016 жылғы №6-42.1597 хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Алмалы аудынанда 374 орынға 20 жекеменшік шағын орталық ашылса, 5 балабақшада мектепке дейінгі дайындыққа 93 орын берілді. Жағымды сәттердің қатарында негізгі мәселе Алматы қ. мектепке дейінгі білім беру мен жекеменшік балабақшалар  саласында жемқорлыққа жол бермеу мен оның алдын алу болып табылатын жекеменшік балабақшалардың қызметіне қатысты кейбір мәселелерді талқылау қажеттілігі де орын алды.  




02.05.2017