Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.06.2017

Алмалы ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өткізілді




Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  рәміздеріне 25 жыл, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл  толуына орай "Арбат" алаңында Алмалы ауданы әкімі аппараты және Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясымен бірлесе ұйымдастырылған мерекелік іс-шарасы өтті.



Іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген патриоттық сезімді күшейту,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті арттыру, насихаттау.



Іс-шара барысында ҚР Ұлттық гвардиясы оркестрінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындауы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде шығарылуы,  ҚР Ұлттық Гвардиясының әскери оркестрінің музыкалық дефилесі орындалалып, ҚР Ұлттық гвардия оркестрінің және өзге де шығармашылық ұжымдардың орындауында патриоттық рухтағы концерттік бағдарламасы ұсынылды.  



Іс-шараға әскер ардагерлері, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің, Б. Момышұлы атындағы республикалық мектеп-интернатының, қала мектептері мен лицейлерінің оқушылары, аула клубтары, және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қала, аудан тұрғындары, студент жастар қатысты. 


02.06.2017