Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.07.2018

Алматыда Ұлттық Домбыра күні қалай аталып өтті


Мерекелік шаралар Панфилов, Жібек жолы көшелерінің бойы мен Ықылас атындағы халық музыка аспаптары музейінде өтті.



Мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін сурет салудан, түрлі бұйымдарды жасаудан, домбыра тартуды үйренуден шеберлік-сыныптары өтіп, ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарының, дәстүрлі музыка орындаушыларының фотокөрмелері ұйымдастырылды, домбыра тартудан конкурс өтті, музыкалық викториналар мен күй шертетін домбырашылардың концерті болды. Ең кішкентай қонақтарды арнайы көңіл көтеретін шаралары өткізілді.



Жібек жолы көшесінде Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» және басқа да шығармаларды орындайтын 500 домбырашыдан құралған флешмоб ұйымдастырылды. Бұлардан өзге мұнда ашық аспан астында«Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің және дәстүрлі әндер орындаушыларының концерті өтті.
Панфилов көшесінде домбырамен дәстүрлі әндерді орындайтын атақты әншілердің фотокөрмесі болды.



Салтанатты шара Ықылас атындағы халық аспаптры музейінің ғимаратын декоративті жарықпен нұрландырумен аяқталды.


02.07.2018