Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.08.2017

Алмалы ауданында «Балаларды мектепке дайындаймыз!» акциясы бастау алды


«Нұр Отан» партиясының Алмалы аудандық филиалында «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Балаларды мектепке дайындаймыз» атты республикалық қайырымдылық акциясы өтті. Аталмыш іс-шараға алғашқылардың бірі болып Алматы қалалық Мәслихат депутаты Рахман Алшанұлы Алшанов қолдау көрсетті. Оның демеушілігімен көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына мектеп сөмкелері мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар табысталды. Алдағы уақытта бұл акция өз жалғасын табатын болады.



«Балаларды мектепке дайындаймыз» акциясы – оқушыларға мектепке қажетті заттарды алуға көмектесу ғана емес, сонымен қатар қоғамды ізгілікке бастау жолындағы үлкен қадам болып табылады.



Акциядан кейін, Рахман Алшанұлы «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Алтынбекқызы Ордабаеваның,  Алматы қалалық Білім басқармасы өкілдері және ауданымыздың жас отбасыларының қатысумен, республикалық желілік кестеге сәйкес «Жас отбасы» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.



Дөңгелек үстел барысында «Жас отбасылардың» қазіргі маңызды мәселелеріне байланысты сұрақтар, оның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыссыздық, жас отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек және т.б. сұрақтар қарастырылып, талқыланды. 


02.08.2017