Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.10.2017

Ұстаздар күніне орай Алмалы ауданының әкімі орта оқу орындарының бірінші басшылары мен ұстаздарды құттықтады


Іс-шара жыл бойы білім саласында қызмет атқарып жүрген азаматтарды құттықтау, ұстаз еңбегін бағалау және алғыс білдіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.  



Өз кезегінде Алмалы ауданы әкімі Жасұлан Естенов жиылған қонақтарды кәсіби мейрамдарымен құттықтап, шәкірт тәрбиелеу жолындағы атқарған қажырлы еңбектері мен күнделікті қызметтерінің маңыздылығын атап айтты. Сонымен қатар, жиналған ұстаздар қауымына алғыс хаттар мен ноутбуктар сыйланып, жан-жақты жылы лебіздер мен құттықтау айтылып отырылды.



2016-2017 жылғы ҰБТ нәтижесі бойынша Алмалы ауданы жақсы көрсеткіштерге ие болып, 102,40 орта баллмен, қаладағы ең үздік аудан атанды. 2016-2017 жылы Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау (ОЖСБ) жүргізуге ауданның 5 мектебі қатысып, 63,98 орта балмен, қала бойынша бірінші орынды иемденді. Оқушыларды білімге баулу, олардың бойында ғылымға деген ынтасын ашу, дарынды балаларды анықтау және оларға шабыт беру мақсатында ардайым ғылыми жобалар мен арнайы пәндерден олимпиадалар өткізілуде. Былтырғы жылы Алмалы ауданының оқушылары қалалық олимпиадаларда 92 жүлде, республикалық деңгейдегі олимпиадаларда 15 жүлделі орынға ие болды. 



Бүгінгі таңда Алмалы ауданында сапалы білім мен интеллектуалды өрдіс беру жолында 29 мемлекеттік және 9 жеке меншік мектептер жұмыс атқаруда. Олардың ішінде 10 гимназия, 4 лицей, 4 мектеп-гимназиялар мен 2 арнайы лицейлер. Барлық 29 мектеп заманауи техникалық құралдар мен компьютерлік құрылғылармен жабдықталған. Жоғары жылдамдықтағы интернет жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық орталықтар мектеп кітапханаларындағы жұмысын жалғастырып келеді. 
Қажырлы еңбек атқарып, шәкріт тәрбиелеу, барынша озатты білім беру мақсатында ауданның мемлекеттік мектептерінде 2180 мұғалім қызмет істейді.


02.10.2017