Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.10.2017

Алмалы ауданында Қарттар айы акциясы басталды


Аға буын өкілдерінің өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімі бойынша 1991 жылдан бері 1 қазан Қарттар күні болып бекітілген.



Алмалы ауданында 36348  зейнеткер тұрады. Оның 87 Ұлы Отан соғыс ардагері, 3359 еңбек майданына қатысушылар. Үйінде қызмет көрсететін жалғыз басты қарттар саны 509 адам.
Жоғарыда аталған 1 қазан Қарттар күнін аудан аумағында жыл сайын атап өту дәстүрге айналған. Тек 1 қазан күні ғана емес қазан айы бойы аудан қарттарын басты назарда ұстап, олардың өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында қарттар айы акциясы өткізіледі. Осыған орай Алмалы ауданы аумағында ҰОС ардегерлері мен еңбек майданына қатысушылар мен зейнеткерлерді құрметтеу шаралары жоспарланып отыр. 
Қарттарға құрмет пен ілтипат көрсету біздің және жас ұрпақтың басты міндеті. Қазан айы бойы аудан қарттарына арнап мәдени шаралар, театрларға, концерттерге барып, спорт сайыстарын өткізу жоспарланған. Сонымен қатар оңтүстік астанамыз Алматының көрікті жерлерін аралау мақсатында туристік саяхаттар да болады. Ауданның барлық жалпы білім беру мектептерінде қарттарға арналған мерекелік концерт, сынып сағаттары мен «Шын жүректен» атты тақырыптық кездесулер өткізіледі. Ал ауданымыздың денсаулық сақтау мекемелерінде аға буын өкілдері, ҰОС ардегерлері мен қатардағы зейнеткерлерге ашық есік күні ұйымдастырылып, медициналық тексеруден тегін өту шаралары жоспарланған.




03.10.2017