Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.11.2016

Қадыржан Хайрулиннің кескіндемелік суреттер көрмесі


ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі Қадыржан Хайруллинің «Горизонт событий» атты көрмесі ұйымдастырылды. 80-жылдардың буынына жататын көркем суретші Қадыржан Хайрулиннің еңбектерінде Қазақстан өнерінің даму кезеңі айрықша көрініс алды. 



30 жылдық кәсіби шығармашылық тарихы аясында талантты суретшінің 1000-нан аса еңбегі жарық көрді. Суретшінің әр еңбегі көрермендер мен сыншылардың назарын өзіндік ерекшеліктері мен аса жоғары кәсіпқойлықпен, үйреншікті  шығармашылық процесс шеңберінен шығу жолдарының бағытымен, уақытты өзгеше көру мен сезіну қасиетімен ерекшеленеді. 



Қадыржан Хайрулин терең білу мен зерттеуді қажет ететін өзіндік төлтума көркемдік сурет салу ерекшелігі айрықша көрінетін сурет салу дарыны бар кәсіби суретші. Суретші өз еңбектерінде жан дүниесін қозғайтын құбылыстарды көрсететін  көп бояулы палитрасы бар кейптер көрінісін жұртшылыққа танытады. 



Қадыржан Харулиннің көптеген еңбектері мен кәсіби жетістіктері Қазақстан өнерінің елімізде және шет елдерде кеңінен насихатталуына қосқан үлесі және атқарған кызметі үшін Мәдениет Министрлігі тарапынан талай рет белгіленді. 



«Горизонт событий» атты көрме Қазақстанның мәдени өмірінде қызықты, жаңашыл іс-шараладың біріне айналғаны сөзсіз. 
Аталмыш көрме 2016 жылдың 17 қарашасына дейін жалғасады.  


02.11.2016