Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.12.2016

Алмалы ауданында аудан әкімінің кубогына мемлекеттік қызметкерлер арасында волейболдан жарыс басталды


«Тәні саудың, жаны сау» демекші, дені сау ұлт қалыптастыруда спорттың маңызы ерекше. Бүгінде еліміздегі бұқаралық халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, төзімділік пен табандылық қасиеттерін арттыру басты назарда. Осы орайда Еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты және бұқаралық спортты дамыту мен Алматы қаласында өтетін 28-қысқы Универсиаданы қолдау мақсатында 25 қарашада волейболдан ауданаралық жарыс өтеді.  



Жарыстың ашылу барысында сөз сөйлегендер: Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова, Алмалы ауданының прокуроры Мадияр Басшыбаев, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің Алмалы аудандық бөлімшесінің төрағасының орынбасары Нейля Ордабаева, Алматы көлік және транспорт коммуникациялар колледжінің директоры Ержан Нүсіпбеков болды. Аталмыш іс шара Алмалы ауданының мемлекеттік қызметкерлері мен аудан қызметтері арасында өтеді.  
Жарысқа 10 команда қатысты:Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Алмалы ауданы прокуратурасы, Алмалы ауданы Ішкі істер басқармасы, Алмалы ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасы, Алматы қаласы Қазына комитеті, Алмалы Технологиялық университеті, Алматы Мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі, Алматы технология және флористика колледжі, Алмалы ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы, Алматы полиграфиялық колледжі, Алмалы ауданы өзін-өзі басқару комитеті.    



Спорттық іс-шара Алмалы ауданы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» партиясының Алмалы ауданы бойынша филиалы,   Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжінің және тағы басқа ұйымдардың мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр, Алматы қ. мәслихатының  "Нұр Отан" партиясы депутаттық  фракциясының мүшесі Сабина Аманкельдінің қолдауымен. 
Жарысқа қатысушылар түрлі естелік сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталады. Ал аламанның алдын бұзып, жеңімпаз болған команда Алмалы ауданы әкімі Естенов Жасұлан Тоққожаұлының жылжымалы кубогін иеленеді.  
 


Н.Ә.Назарбаев: «Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту - мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі» деген болатын. Бұл тұрғыда дене шынықтыру мен спорт саласын дамыту, спорттық шараларды ұйымдастыру, оны бір жүйеге келтіруді көздейтін заңымыз бар екені белгілі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық құрметіне орай осындай денсаулыққа пайдасы зор шараларды өткізудің маңызы зор. 


02.12.2016