Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.02.2015

Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайыновтың 2014 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша тұрғындармен есептік кездесулері басталды


№ 58 жалпы орта білім беру мектебінде Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайыновтың тұрғындармен есептік кездесуі өтті.

Жиынға Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Батырбаев, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Тұралиев, аудандық қызмет басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару комитеті және аудан тұрғындары қатысты.

Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайынов 2014 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жайлы жан-жақты таныстырып өтті.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы экономика мен әлеуметтік саладағы жағымды үрдістердің сақталып келе жатқандығын көрсетті. 2014 жылы Алмалы ауданы бойынша ірі және орта инвесторлардың барлық қаржыландыру көздері есебінен негізгі капитал түрінде 77 млрд. 958 млн. тенге инвестиция игерілді.

Аудан аумағында 1 488 өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді. Ірі және орта кәсіпорындардағы жалдамалы жұмысшылардың саны 124 193 адамды құрайды.

««Алматы қаласының энергетикалық кешенін жаңғырту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 5 979 қ.м. инженерлік желілерге жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: суық су және кәріз желілері – 380 қ.м., электр желілері – 955 қ.м., жылу жүйесі 4 304 қ.м., телекоммуникация желісі 340 қ.м.. Алматы қаласының аумағындағы ескі үйлерді бұзудың 2012-2014 жылдарға бағдарламасы аясында Әйтеке би көшесі, 134 мекенжайында 9 қабатты 54 пәтерлі тұрғын үй салынуда» - деп атап өтті аудан басшысы Серік Құсайынов.

Кездесу барысында аудан азаматтарының сұрақтары тыңдалады.

03.02.2015