Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.02.2016

Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайыновтың аудан тұрғындарымен кезекті кездесуі М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектебінде өтті


Аудан әкімдерінің тұрғындармен есептік кездесулері Елбасы тапсырмасымен,  міне бірнеше жылдан бері өтіп келеді.

Өткен кездесулердің тәжірбиесі жағымды әсерін беруде, себебі тұрғындар атқарушы өкіметпен тікелей тілдесіп, өздерінің толғандыратын сұрақтарына жауаптар алуда.

Аудан басшысы өзінің баяндамасында тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі міндеті екенін атап өтті.

 «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жылу желілерінде тиімді технологияларды қолдану және оқшау жылу құбырларын пайдалану  жолдары арқылы жылу тораптарын жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Барлығы 8079 ш.м. инженерлік тораптар, оның ішінде электр желілері - 700 ш.м., жылу тораптары – 7129 ш.м., телекоммуникация желілері – 250 ш.м. жөндеуден өткізілді.

 «Қауіпсіз аула»  бағдарламасы аясында ПИК төрағаларымен бірлесе 1 102 бейне бақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, жиналыс барысында Серік Құсайынов аудан тұрғындарын жақында құрылған жергілікті полиция қызметінің басшысы Сүлейменов Бегімбекпен таныстырып өтті.

Өткен жылы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жергілікті полиция қызметін құру мәселесін қарастыруды тапсырған болатын. Осыдан кейін Ішкі істер министрлігі, сәйкесінше, заң жобасын әзірлеп, оның негізгі ережелері ҚР Президенті Әкімшілігі тарапынан мақұлданған.

Аудан басшысының баяндамасынан кейін, кездесуге келген тұрғындар өздерін толғандыратын сұрақтарына жауаптар алды.  Қойылған сұрақтардың басым бөлігі ПИК жұмысы, ауланы абаттандыру және жолдарды жөндеуге қатысты болды.


03.02.2016