Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.03.2016

Алмалы ауданында «Алғыс айту» мерекесіне орай Емдеу-диагностикалық орталығында «Ашық есік» күні өтті


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Алғыс айту» мерекесіне орай Алматы қаласы тұрғындарына арналған Алмалы ауданы әкімі аппаратының қолдауымен «Ашық есік» күні Желтоқсан көшесінде орналасқан Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты Емдеу-диагностикалық орталығында өткізілді.

Іс шара барысында Орталықтың бас дәрігері С.Е. Сұлтанғазиева алғашқы рет елімізде атап өтілетін мерекеге арналған салтанатты жиналыста сөз сөйлеп, келушілерге алғысын айтып өтті.

С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы хирургия кафедрасының профессор, доценттері және Орталықтың жоғары білікті маман дәрігерлері: хирург, терапевт, кардиолог, невропатолог, травматолог, гинеколог, уролог, офтальмолог тегін ақыл-кеңес берді.

Ашық есік күніне келген қала тұрғындары Емдеу диагностикалық орталығындағы ақ халатты абзал жандарға алғыстарын айтып қоштасты.

03.03.2016