Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.06.2015

Алмалы ауданы әкімінің аппараты «Біздің жазғы эстафета» акциясы аясында ауданның бүлдіршіндеріне арналған мультфильм көрсетілімін ұйымдастырды


Алмалы ауданы әкімінің аппараты «Біздің жазғы эстафета» акциясы аясында ауданның бүлдіршіндеріне арналған мультфильм көрсетілімін ұйымдастырды

3 маусымда Алмалы ауданы әкімінің аппараты «Біздің жазғы эстафета» акциясы аясында ауданның бүлдіршіндеріне арналған Mega Park ойын-сауық орталығында орналасқан Chaplin Cinema кинотеатры залында «Хранитель луны» атты мультфильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. Аталған фильмнің көрсетіліміне ауданның оқушылары, демалыс орталықтарының мүшелері, аз қамтылған отбасы балалары мен ІІБ есебінде тұрған балалар шақырылды.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстауға шықыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, мәдениет сезімін арттыру болып табылады. Ауданның балаларына арналған осындай іс-шаралар бүкіл жаз бойы аудан әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылады. Және де жаз бойы өздерінің демалыстары кезінде жасөспірімдер түрлі көптеген спорттық, мәдени іс-шараларға қатысуға шақырылады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Алмалы ауданы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» партиясының Алмалы ауданы бойынша филиалы, Алматы қ. Ішкі істер департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы, Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.
03.06.2015