Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.02.2017

Алмалы ауданы әкімінің аппаратында аудан активінің жиналысы өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Жасұлан Естеновтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын талқылауға арналған ауданның идеологиялық активінің жиналысы өтті.



Іс-шараға әкімнің орынбасарлары, Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің, денсаулық сақтау, білім беру салаларының бірінші басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, мәдениет қайраткерлері, бизнес құрылымдарының, жастар ұйымдарының және  ҮЕҰ өкілдері қатысты.



Жасұлан Естенов өз сөзінде Елбасы Қазақстанды үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отыр, сондықтан елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттілігінің маңыздылығын атап өтті. 



Сонымен қатар жиналыс барысында Қалалық мәслихат депутаты, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов, Алматы кардиологиялық орталығының бас дәрігері Алмат Қодасбаев, Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі директорының орынбасары Ердаулет Жәнібеков баяндама жасады. Баяндамашылар Президентіміздің халыққа Жолдауын жан-жақты жүзеге асыруда бәріміз бір кісідей атсалысуымыз қажет екенін айтып кетті. Жиын соңында аудан активіне қатысушылар Елбасының Қазақстанның үшінші жаңғыруы бойынша негізгі басым бағыттары туралы айтылған Жолдауын бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.


03.02.2017