Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.02.2017

Алматыда Универсиада аясында «Алатау алабында» этно-фестивалі өтуде


Алматыда шетелден келген қонақтарды қазақ халқының салт-дәстүрімен, ұлттық музыкасымен таныстыру мақсатында «Алатау» дәстүрлі өнер театры маңында «Алатау алабында» атты этно-фестиваль өтуде.



Туристер мен қала тұрғындары жігіттердің өнерін тамашалап, түрлі шеберлік сыныптарына қатысып, киіз үйді қою, киіз басу әдістерімен танысып, ұлттық астан дәм татып, ұлттық термелерді, күйлер мен әндерді тыңдап, зергерлік бұйымдарды көруде.
«Алатау алабында» этно-фестивалі аясында сахнадан ұлттық киімдер, шығармашылық ұйымдардың театрландарылған қойылымдары көрсетіледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, этноауылда үш үлкен сфера орнатылған. Оның біріншісінде қонақтарға ұлттық ас ұсынылады, ал екіншісінде қолданбалы өнер жәрмеңкесі өткізіледі, үшіншісінде 300 адамдық концерт залы жұмыс істейді.
Сферлердің ішінде кіші ауылдар, бүркітші, зергерлік бұйымдар ауылы, музыкалық құралдар жәрмеңкесі орналасқан.
«Алатау алабында» этно-фестиваль аясында "Алатау" дәстүрлі өнер театрында күн сайын дәстүрлі музыкадан концерт өтуде.
Мысалы, 4 ақпанда дәстүрлі әндер күйші Батыржан Мықтыбаевтың, 5 ақпанда, дәстүрлі әндер орындаушысы Еркін Шүкімановтың өнер кештері, ал 6 ақпанда студент жастардың айтысы, 7 ақпанда Жетісу өңірінің дәстүрлі музыка кештері өтеді.
Атап өтерлік жайт,«Алатау» театрының кинозалында күн сайын сағат 15:00-де отандық тарихи көркемфильмдер көрсетіледі.


03.02.2017