Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.03.2018

№ 4 кітапханада Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы оқырмандар арасында талқыланды


Алматы қаласы ОКЖ-нің №4 кітапханасының оқу залында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік  дәуірі» атты жаңа кітабы бойынша «Тәуелсіздік дәуірі-егемен еліміздің тарихи шежіресі» тақырыбында дөңгелек үстел және Қазақстандағы Өзбекстан жылына байланысты «Ұлттар достығы – Ұрпақтар тілегі!» атты VIP-трибуна өтті. Дөңгелек үстелгекөрнекті қоғам қайртакері, философия ғылымдарының докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ахысқа»  түрік  этномәдени орталығының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі-Қазақбай Таштемірұлы Касимов,  Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты - Факия Мешведенқызы Шамшидинова, тарих ғылымдарының докторы,  Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының  Қазақстан халқы Ассамблеясы бөлімінің меңгерушісі - Айжамал Ибрагимқызы Құдайбергенова және Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы –Абдухалил Оралбаев шақырылды.



Дөңгелек үстелдің алғы сөзін Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Қазақбай Тастемірұлы Қасимов құттықтау сөзімен ашып беріп,барша қонақтар мен оқырмандарға қазақ халқына деген, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа деген жүрек жарды ыстық лебізін білдіріп, оқырман қауымға жол тартқан жаңа құнды кітаппен құттықтады.





Елбасының бұл кітабында тәуелсіз еліміздің тарихи белестері, заманауи қуатты ұстанымдары, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің бірыңғай үлгісі мен толағай жетістіктері баяндалған. Мемлекет басшысының жаңа кітабы – жаңа дәуірдегі бір ұлттың тұтас тарихын қамтыған құнды стратегиялық маңызды еңбек. 


03.03.2018