Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.04.2017

Конституциялық реформаларға арналған конференция


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық унверситетінде Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің «Құқық және бсқару негіздері» кафедрасы ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауының аясында «Қазақстандағы конституциялық реформалар: қоғам жаңғыруы мен мемлекет дамуының жаңа тетіктері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.



Конференцияның пленарлық мәжілісін университет ректоры Динар Нөкетаева алғысөзімен ашып, онда конституциялық реформаның мемлекетті дамытудағы және қоғамды демократизациялаудағы маңызын атап өтті.



Келесі кезекте конференцияның қонақтары: Қонаев атындағы Евразия заң университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Қ. Айтхожин «Конституционная реформа в РК – беспрецедентное событие» тақырыбы бойынша және Қарағанды қаласы «Болашақ» академиясының доценті, заң ғылымдарының кандитаты А. Әбдіжами «Конституциялық реформалар – қылмыстық құқықтық нормалардың тиімділігін арттыру жолындағы мүмкіндік» тақырыбы бойынша баяндама жасады.



Сонымен қатар университеттің ғылыми-педагогикалық құрамының өкілдері – э.ғ.д., профессор Р. Қамшыбаев «Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті нығайту жолындағы еліміздің экономикасын басқару және дамыту моделі»; т.ғ.к., доцент А. Қожабекова «Конституцияның тұрақтылығы – уақыт қажеттілігі»; т.ғ.к., доцент Б.Аққасов «Конституциялық реформа – Қазақстанның демократиялық дамуының заңды кепілі» атты тақырыптарда баяндама жасады.
Ал пленарлық мәжілісте Қарағанды қаласы «Болашақ» академиясының 3 курс студенттері А. Сәулеғұл, А.Ташкенбаева «Ақпаратқа қол жеткізу азаматтардың конституциялық құқығы ретінде» тақырыбында баяндама жасады.



Баяндамаларда конституциялық реформалардың мәні билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу және саяси жүйенің демократизациялауы ретінде қарастырылды.
Конференцияның екінші бөлімінде секциялық мәжілісте қалған қатысушылар баяндама жасады. Мақаланың мазмұнына байланысты келесі секцияларға жұмыс жүргізді: Конституциялық реформалар – еліміздегі саяси тұрақтылық пен одан әрі өсіп-өркендеудің берік кепілі; Экономика аясында Үкіметтің өкілеттілігін кеңейту, елдің экономикалық өсуінің маңызды шарты; Саяси жүйе реформасы – басқару жүйесінің тиімділігін арттырудың жолы ретінде.



Қорытынды пленарлық мәжілісте республикалық ғылыми-практикалық конференцияның қаулысы қабылданды. Конференцияларға қатысушылар, Елбасының дана бастамасының арқасында біз күшті Президент, беделді Парламент және есеп беретін Үкіметпен бірге әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына қосылу бойынша өзекті мәселелерді жетістікпен шешетінімізге сенім білдірді.






03.04.2017