Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.05.2018

Алмалы ауданында «Көршілер театрының» екінші маусымы ашылады


6 мамырда сағат 12:00-ден бастап 16:00-ге дейін "Тастақ" шағын ауданындағы Дүйсенов-Брусиловский аллеясында «Көршілер театрының» екінші маусымының ашылуына арналған мерекелік іс-шара өтеді. 



Алматының шеткі аудандарын дамытуға арналған «Көршілер театры» мәдени-әлеуметтік жобасы биылғы жылы тағы да Сорос-Қазақстан қорының қаржылай қолдауына ие болды. «Көршілер театры» — бұл ашық комьюнити-орталық, онда Тастақ ауданының тұрғындарына өнермен және шығармашылықпен тегін айналысуға мүмкіндік беріледі. 
Алеся Нугаева, жобаның кураторы:
«Көршілер театры» қолданбалы театр болып табылады, өйткені біздің театрлық қызметіміз  өнер саласынан тыс жатқан проблемаларды шешуге бағытталған. Біздің алаңда өткізілетін іс-шаралар бір-бірімен көрші тұратын адамдардың арасындағы нақты қарым-қатынас тапшылығының орнын толтырады; шығармашылық тұрғыда өзін-өзі танытуына жағдай жасайды және жасөспірімдер мен жастар үшін білім беру функциясын атқарады».
Аудан тұрғындарынан құрылған «Көршілер театрының» труппасы іс-шараның ашылуында  «Тастақ» перформансын назарға ұсынады. Бұл қойылымды жас театр ұжымы былтыр қыркүйек айында өткен Art Energy Almaty қоғамдастықтар фестивалінде көрсеткен еді. Жобаның серіктесі әрі қатысушысы И.Л.И. плейбек-театры (Интерпретация Личных Историй – Жеке Оқиғаларды Пайымдау) өзекті «плейбек» жанрында жұмыс істейді. 



И.Л.И. плейбек-театрының арт-менеджері Евгения Абкеева: 

«Плейбек — бұл көрермендердің хикаяларын пайымдауға негізделген әлеуметтік театр пішімі. Іс-шараға шақырылған қонақтар кез келген оқиғаны әңгімелеп және сол бойда оны сахнадан көре алады. Актерлар еш дайындықсыз бұл хикаяны театрлық перформанс түрінде көрсетеді. Плейбек адамдардың бір-бірімен сенімге құрылған қарым-қатынас жасауы үшін қажетті кеңістікті құрады және ауданның тұрғындары үшін шынымен де маңызды нәрселер туралы естіп-білуге мүмкіндік береді. Мәселені әңгімелеп айтудың өзінің елеулі әлеуметтік пәрмені болады. Мысалы, перформанс кезінде болған әңгімелерде иттерді серуендетудің салдарына деген наразылықты білдіретін сөздер көп айтылды. Ал қазір ит иелерінің көпшілігі, ең болмағанда, «Көршілер театры» ауданының тұрғындары өз асырауындағы жануарлардың артын жинап жүретін болды.
Биыл ашық қоғамдық кеңістіктің жұмысы былтырғы жылмен салыстырғанда ертерек басталады — «Көршілер театры» мамырдан бастап қазан айына дейін қызмет етеді. Актерлік шеберліктің тегін курстарына жаңадан қабылдау жарияланады; Тастақ тұрғындары плейбек труппасына қосыла алады. Сахнада жүйелі түрде мәдени және білім беру іс-шаралары: перформанстар, концерттер, шеберлік сабақтары өткізіледі. Жобаның кураторлары театр күрделі әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі деп үміттенеді. Ойын театры кеңістігінде айқындалған проблемалар кейін Тастақ тұрғындарының және аудан әкімдігі мен урбанистика жөніндегі сарапшылардың арасындағы үш жақты кездесулерде талқыланады. Бұл кездесулер оларды ұйымдастыру жөніндегі барлық мәселелерді шешуді өз мойнына алатын «Көршілер театрының» алаңында өтеді. 



Ашылу іс-шарасындағы плейбек-перформанстың тақырыбы «Тастақ — менің ауданым» деп аталады, ол ауданның кейбір проблемаларын айқындауға, сондай-ақ тұрғындардың ортаны жақсарту жөніндегі ойларын естіп білуге мүмкіндік береді.
Іс-шараның бағдарлаамсына сондай-ақ Тастақ тұрғындарының би және музыкалық өнер көрсетуі кіргізілген. Шеберлік сабақтары аймағында көршілер ересектер мен балаларға арналған қолөнер сабақтарын өткізеді.
Алина Абилкаламова, жобаның контент-менеджері:
«Жобаның ең маңызды міндеттерінің бірі — аудан тұрғындарының ішіндегі белсенді, бастамашыл адамдарды айқындау. Оларға жаңа үлгідегі қоғамдық кеңістіктер керек,  ал «Көршілер театры» ең бірінші кезекте сондай азаматтар үшін қызмет етеді. Бұл адамдардың бір бөлігі шығармашылықпен айналысады, сондықтан біздің алаң олар үшін экономикалық кеңістікке айналуы мүмкін. Белгіленген күндерде ауданның тұрғындары бізде мастер-класс, сабақ өткізеді және қойылым жасайды. Біз оларға ұйымдық және ақпараттық қолдау көрсетеміз, ал іс-шараларға көп қатысушы жиналады. Мұндай басқосуларда әр түрлі мүмкіндіктер пайда болады, адамдар бір-бірімен танысады, ұстаздар жаңа оқушыларды табады. Биылғы жылы «Көршілер театры» бір-бірімен көрші тұратын шығармашыл адамдарды сахнадағы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге бұрынғыдан да көбірек тартады. Осы маусымның соңында нақты қоғамдық кеңістік солардың қолына өтуге тиіс және олар оны мақсатына сай пайдалануы керек».



«Көршілер театры» мәдени-әлеуметтік жобасын «Eco Kultura» қоғамдық қоры ой білдіру еркіндігін іске асыру және жергілікті проблемаларды ұжымдық түрде шешу үшін қалаларда қоғамдық кеңістіктердің пайда болуына және дамуына қолдау көрсететін  Сорос – Қазақстан Қорының «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасының шеңберінде іске асырып отыр.

Біздің байланыс деректеріміз
«Көршілер театры» әлеуметтік желілерде
www.facebook.com/neighborstheatre
https://vk.com/neighborstheatre
https://www.instagram.com/neighborstheatre

Алеся Нугаева — жобаның кураторы
+77077008258
dvorproject@gmail.com
 
Евгения Абкеева —И.Л.И. плейбек-театрының арт-менеджері
+77771976665
starzhenya@gmail.com
 
Алина Абилкаламова — контент, зерттеулер, журналистика
+77004182565
abilkalam@yandex.ru


03.05.2018