Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.10.2016

Махатма Ганди ескерткішіне гүл қою


Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2 қазан  - «Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес» күні деп жариялаған және дәл осы күннің таңдалуы да бекер емес.
2 қазан  – Үндістандағы тәуелсіздік үшін күрестің басшысы, зорлыққа қарсы философияның негізін салушы Махатма Гандидің дүниеге келген күні. Махатма Ганди бір сөзінде: «Зорлық-зомбылықтан бас тарту – адамзаттың ұлы әрекеті. Өйткені бұл – адамзат ойлап тапқан қарулардың ішіндегі ең жойқыны» деген екен.  Үндістанның Қазақстандағы елшілігі мен Алмалы ауданы әкімінің аппараты  Махатма Гандидің 147 жылдығын атап өтті. 
Аталмыш іс-шараны Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова салтанатты түрде ашып, гүл шоқтарын қойды. 



Махатма Гандиге арналған ескерткіш Алмалы ауданында 2003 жылы ашылған. Ескерткіш Жамбыл мен Жароков көш-ң қиылысында бой көтерген. 



Махатма Ганди (02.10.1869-30.01.1948 ж.ж.) — Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері, әлем халықтарын бейбітшілікке үндеуде өте маңызды рөл атқарды. 
Махатма Ганди "Кедейлікке, жоқшылыққа мейірімділікпен қарау, жапа шегу, тақуалық принциптері мен қоғамдағы дамуы - адамның өсімпаз мұқтажын қамтамасыз ету арқылы емес, оны саналы түрде тежеу арқылы іске асырылуы керек" деген көзқарасты мықтап ұстанды.
Осы айтылған қағидалардың барлығын өзінің күнделікті қам-қаракетінде, ісінде қолдана білген, бұл жолдағы қандай қиындыққа да төзе білген, өз тәжірибесін ізін қуғандарға да кеңінен қолданған Махатма Ганди адамгершіліктің шырқау шыңына көтеріле білген бірден бір әлемдік, ғарыштық тарихи дара  тұлға.
Мереке әлем халықтарын адамгершілікке, бейбітшілікке шақырады.


03.10.2016