Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.11.2016

Мектеп демалысы кезеңінде Д. Қонаев атындағы мұражайға бару


Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан  Републикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында және ауданның оқушыларының демалысын тиімді өткізу мақсатында ауданның оқушылары, демалыс орталықтарының мүшелері, аз қамтылған отбасы балалары мен ІІБ есебінде тұрған балаларға арналған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы мұражай-үйге бару ұйымдастырылды.



Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қазақ елінің дамуына ерекше үлес қосқан аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері.Ол сондай-ақ, ғылымға да өте жақын болған тұлғалардың бірі.Мұражай Алматы қаласы, Төлебаев көшесінің бойында орналасқан және екі бөліктен тұрады: мұражай-үй және мемориалдық мұражай-пәтер. Мұндағы мұражай-үй дегеніміз Д.А.Қонаевтың өмірі мен атқарған істеріне арналған жеке үй. Бұрын бұл композиторлар үйі болған. мұражай-үйдің мекен-жайы: Төлебаев көшесі, 117.



Мұражай –үй көптеген қызық экспонаттарға толы, соның ішінде, айта келсек, Д.А.Қонаевтың кабинеті - жәдігерлердің толықтай шынайылығыменен ерекшеленеді, оны жабдықтау барысында Қонаевтың  кабинетінде бірнеше рет болған мемориалды тұлғаның замандастары мен достарының көмегі көп болды. Жалпы,  Қонаевтың жеке заттарына жататын дүниелер ерекше қызығушылық туғызады. Бұлар көптеген куәліктер, қаламдар, әшекейлі оттықтардың жиынтығы, қолдан жасалған түрлі пышақтар, лунаход, танктердің сувенирлері. Бұл жастардың үлкен қызығушылығын туғызады. Өйткені қазіргі жастар өте білімдар, әр нәрсеге ерекше қызыға қарайды. Сонымен қатар, "Lumiera Cinema (ЦУМ)" кинотеатрына жаңа мультфильмдердің көрсетіліміне де барды. 



Бұл іс-шаралардың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің бойындағы отансүйгіштік және мәдениет сезімін арттыру болып табылады.



Шараларды ұйымдастырушылар: Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Алмалы ауданының Білім беру бөлімі, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің Алмалы аудандық бөлімшесі, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ.


03.11.2016