Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.02.2015

Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайыновтың аудан тұрғындарымен кезекті кездесуі №18 мектеп-гимназиясында өтті


Аудан әкімдерінің тұрғындармен есептік кездесулері Елбасы тапсырмасымен,  міне бірнеше жылдан бері өтіп келеді.

Өткен кездесулердің тәжірбиесі жағымды әсерін беруде, себебі тұрғындар атқарушы өкіметпен тікелей тілдесіп, өздерінің толғандыратын сұрақтарына жауаптар алуда.

Бұл жолғы кездесуге Алматы қаласы әкімі орынбасары  Ербол Шорманов  қатысты.

Аудан басшысы өзінің баяндамасында тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі міндеті екенін атап өтті.

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 50 адам, жастар іс-тәжірибесіне 71 адам, кадрларды қайта даярлауға 53 адам, біліктілігін арттыру курстарына 9 жіберілді.

Сонымен қатар, «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 367 орын ашылды. 2014 жылдың қаңтар айында 120 орындық 2 балабақша: Тілендиев көшесі, 35 мекенжайында орналасқан № 181 балабақша және Тұрғыт Озал көшесі, 30 мекенжайында орналасқан № 182 балабақша ашылды. 

Брусиловский көшесі, 15 мекенжайдағы № 34 гимназияның және Жороков көшесі, 9 мекенжайдағы № 79 гимназияның аумағында 120 орындық екі балабақшаның құрылысы жургізілуде. 

Аудан басшысының баяндамасынан кейін, кездесуге келген тұрғындар өздерін толғандыратын сұрақтарына жауаптар алды.  Қойылған сұрақтардың басым бөлігі ПИК жұмысы, ауланы абаттандыру және жолдарды жөндеуге қатысты болды.

04.02.2015