2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.04.2016

Татулықтың тірегі, бірліктің белгісі – Тәуелсіздік


А.П.Чехов атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған кеш өтті. Кітапханашы Тәбия Бердімұратқызы кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандармен сұрақ-жауап ойынын жүргізді. Кітапханаға саяхат жүргізіліп, кітапхана бөлімдерімен таныстырылды.

Мақсаты: оқырмандарға Тәуелсіздік туралы түсіндіру, егеменді елеміздің толағай табыстарын паш ету; тәуелсіздікті аңсаған ата-баба аманатына адал болуға, ұлтжандылыққа баулу,тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру.

Тарих үшін қас-қағымдық қана сәт 25 жылда ғасырға жүк болатын асулардан асқан Тәуелсіз Қазақстанның шежіресіне алтын әріптермен жазылар айтулы оқиғалар аз емес. Сондай тарихи күннің көшін 1991 жылдың 16 желтоқсаны бастап тұр. Сол күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Назарбаев “Қазақстан республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы” Қазақстан республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған асыл арман орындалды. Өмірге Тәуелсіз Қазақ Елі келді. 

Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжінің студенттері қатысты. Олар кітапханаға жазылды.


04.04.2016