Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.06.2015

Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі жетекшісі төрағалығымен жиналыс өтті


Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысымен бекітілген 2014 ж 10 маусымда № 635  Техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі 2020 жылға дейінгі кешенді жоспардың 23 т сәйкес  жүзеге асыру шеңберінде 2015 жылдың 3 маусымында Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі жетекшісі Ерден Хайруллиннің төрағалығымен Алматы қаласындағы кәсіпорындар мен өнеркәсіптерде  аталған жүйені енгізу және тиісті ережелерді түсіндіру семинары болып өтті. 

Шараның басты мақсаты - халықаралық стандарттарға сай  сертифицикациядан өткен менеджмент жүйесін енгізумен қатар отандық кәсіпорындардың санын көбейту.    

Семинарға Алматы қаласы Техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру департаменті өкілдері, «ИСО енгізу агентігі» ЖШС  және  Алматы қаласы аумақтық кәсіпкерлер палатасы мен аудан кәсіпкерлері қатысты.

 Бас қосуға жиналған барлық кәсіпорын өкілдеріне Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес 09.10.2006ж № 194 «Алтын сапа» ҚР Президенті премиясын алу конкурсы туралы» және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауға сәйкес,  Алматы қаласы әкімі А. Есімовпен аумақтық көрме-байқау 2015 жылдың  6-7 тамызында өткізілуі туралы ақпарат берілді. 

Қазақстан Республикасында өндіріліп жатқан тауарлар сапасы туралы  ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің техникалық реттеу және метрология департаменті комитетінің инспекторы Аян Жумабеков сөз алды.  «ИСО стандарттары экономикалық проблемаларды шешуші құралы» тақырыбы бойынша «ИСО енгізу агентігі» ЖШС  директоры - Анатолий Бандуро сөйледі. Ал соңында «Сапа саласындағы байқау» туралы Алматы қаласы аумақтық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Любовь Алексеева сөйледі.

04.06.2015