Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.02.2019

Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтің тұрғындармен қорытынды есептік кездесуі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өтті


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде аудан әкімі Бекқали Торғаевтің №6 округ тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.







Кездесуге қалалық басқарма басшылары,  аудан құрылымдарының  басшылары, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Әлбисенов, аудан әкімінің орынбасарлары, ЖӨӨБК төрағалары және аудан тұрғындары қатысты. 





Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 2005 жылдан бері әр деңгейдегі әкімдер атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп береді.Бұл тәжірибе жергілікті атқарушы билік басшыларының жұртшылықпен кері байланыс тетіктері ретінде өз тиімділігін растады. Олар халықтың елімізде өтіп жатқан реформалар, жергілікті органдардың жауапкершілігінің артуы мен есеп беруі туралы хабардар болуын жақсартуға, тұрғындарды  мазалаған сұрақтарын  жедел шешімін табуға көмектеседі.





Шара барысында Бекқали Нұрғалиұлы жиналған тұрғындар алдында ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есеп берді. Шараның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін тұрғындарды мазалаған сұрақтар бойынша талқылау жүрді.







Аудан әкіміне қойылған барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауап берілді, сонымен қоса, тұрғындар қозғаған мәселелер аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.


04.02.2019