Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.03.2018

Мамандық таңдаудың бірінші инновациялық форумының баспасөз парағы


«Rixos Almaty» қонақ үйінде алғаш рет Алматы қаласының 11 сынып оқушыларына арналған «Мамандық таңдау форумы» өткізілді. Форумға қала мектептерінің  оқушылары мен ұстаздары қатысты. Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы білім басқармасы, «EDTECH» Халықаралық білім беру орталығы және  Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі, сондай-ақ Алмалы ауданы әкімі аппаратының қолдауымен.


 


Форумға қаламыздағы ең ірі жоғары оқу орындары: Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық зерттеу университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы энергетика және байланыс университеті, «Нархоз» университеттері қатысты. Форум барысында аталған жоғары оқу орындарының ұстаздары оқушыларға мамандық туралы өзекті ақпараттар, Қазақстан Республикасының нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы және де оқытудың ірі бейімдік бағыттары жайлы презентациялар жасады. 





Әлемде 15-24 жас аралығындағы 75 миллионға жуық жастар жұмыссыз екен. ҚР «Атамекен» ҰҚП мәліметі бойынша еліміздегі жыл сайынғы мектеп бітірушілер саны 354 мың. Мектеп бітіргеннен соң арнайы орта білім беретін және жоғары оқу орнына оқуға бармайтын жастардың саны 21 мыңды құрайды. HeadHunter.kz рекрутингтік агенттігінің мәліметіне сүйенсек мемлекетіміздегі жоғары оқу орнын аяқтаған түлектердің 50% өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді.







Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының ЖЕТІНШІ қадамы жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету және өнімді жұмыспен қамтуды дамытудың шеңберінде «EDTECH» Халықаралық білім беру орталығы, Алматы қаласының Білім басқармасымен бірге «Мамандық таңдау форумы» атты инновациялық әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.



Жобаның мақсаты: мектеп пен жоғары оқу орындарының күшін біріктіре отырып 11 сынып оқушыларының мамандықты саналы түрде таңдауына бағдар беру болды. Жоба бірнеше кезеңнен тұрды: Қараша айында 300-ге жуық психолог кәсіптік бағдар берудің жаңа түрлері мен нәтиже беретін тәсілдері туралы курстан өтті. Желтоқсан айында «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасының шеңберінде 4500-ден астам 11сынып оқушысы online түрде кәсіби диагностикадан өтіп, нәтижесінде әр оқушының тұлғалық ерекшеліктері, кәсіби қызығушылақтары, икемділіктері және қандай да бір мамандықты игеруге қабілеттіліктері анықталды. 








05.03.2018