Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.05.2017

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі Жасұлан Естенов «RIXOS» қонақ үйінде Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орайластырылған салтанатты қабылдау өткізді


Ұлы Жеңістің 72 жылдық меретойына арналған салтанатты шара Алмалы ауданы әкімі аппаратымен  ұйымдастырылды.



Қонақүйдің кіреберісінде А.Жұбанов  атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының үрмелі аспаптар оркестірі жиналған қонақтарды әскери әуенмен қарсы алды.



Алмалы ауданының әкімі, Алмалы аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының  төрағасы Жасұлан Естенов соғыс және еңбек ардагерлерін келе жатқан Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен ашық аспан тіледі. «Жеңіс күні біз үшін ардагерлеріміздің ерекше ерлігі мен қаһармандығының жарқын бейнесі екендігі сөзсіз. Бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмір сүруі мен өсіп өркендеуі жолында Ұлы Отан соғысында қаншама адам қан төкті. Сонау сұрапыл соғыста жеңіс туын желбіретіп бүгінгі күнге аман жеткен ардақты ардагерлеріміз арамызда. Осындай ел азаматтарын құрметтеп, өскелең ұрпаққа үлгі ету біздің басты міндетіміз», - деді Жасұлан Тоққожаұлы.



Сонымен қатар Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы бас консулінің кеңесшісі, «Генралдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рүстем Қайдаров, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Динар Нүкетаева, Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еренғайып Шайхутдинов және Алмалы аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Әмірханов ардагерлерді құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.



Мерекелік шара барысында Қазақстанның халық әртісі, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нұрғали Нүсіпжанов, Эстрада-симфониялық оркестрінің солисті, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Алексей Тимофеев,  Толқын Забирова, «Гүлдер» ансамблі, «Тәтті» триосы, А. Селезнев атындағы Алматы хореография колледжі студенттерінің қатысуымен  концерт ұйымдастырылды.



Аталған шараның басты мақсаты - Ұлы Отан соғысы және еңбек майданына қатысушы аға буынға құрмет көрсетіп, қадірлеу, келер ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу.



Бүгінгі таңда Алмалы ауданында 98 Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектері тұрады, 5 соғыста қаза тапқан ардагерлердің жесірлері, 19 адам Ленинград блокадасына қатысқандар, 15 неміс концлагерінде тұтқында болғандар, 3 523 тыл еңбеккерлері.




04.05.2017