Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.05.2018

Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты қабылдау «RIXOS» конақ үйінде өтті




Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігі «RIXOS» қонақ үйінде Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған салтанатты қабылдау өткізді.







Алмалы ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық  филиалының төрағасы Жасұлан Естенов соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтап, ашық аспан астында, отбасы қасында бақытты да ұзақ өмір сүрулеріне тілек білдірді. 







Өз сөзінде «Құрметті біздің соғыс ардагерлері   шындығында, сіздердің ерліктеріңіз, батылдық пен ер жүрек қайсарлықтарыңыздың арқасында біз тәуелсіз  гүлденген мемлекетте өмір сүріп отырмыз, сол үшін бүгінгі ұрпақ атынан   алдарыңызда басымды иіп алғыс білдіремін», - деді аудан әкімі Ж. Естенов.







Салтанатты шара барысында Абай атындағы опера және  балет театрының әншілері, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы және А. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі студенттерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.



Шараның басты мақсаты Ұлы Отан соғысына қатысушыларды еске алып, құрмет көрсету. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.





Бүгінгі күні Алмалы ауданында   76  ҰОС қатысушы мен мүгедектер тұрады. Сонымен қатар,  3 соғыста қаза тапқан ардагерлердің жесір әйелдері, 17 Ленинград блокадасына қатысқандар, 14 концлагерь тұтқыны болғандар  және 3177 тыл  ардагері тұрады.




04.05.2018