Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.08.2016

Алмалы ауданы әкімі аппараты «Біздің жазғы эстафета» акциясы аясында ауданның балаларына арналған «Елес аулаушылар» атты кинофильмнің көрсетілімін ұйымдастырды


Аталған фильмнің көрсетіліміне Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтардың балалары, демалыс орталықтарының мүшелері, аз қамтылған отбасы балалары мен ІІБ есебінде тұрған балалар шақырылды.  



150-ден астам бала «Елес аулаушылар» жаңа фантастикалық фильмін тамашалады. Отыз жыл бұрын елес аулаушылар Нью-Йоркті елестердің шабуылынан құтқарғаны белгілі, бірақ сол қауіп қалаға қайтадан төніп тұр. Өмір бойы паранормалды құбылыстарды зерттеуге арнаған ержүрек адамдар табылады. Эбби Йейтс кванттық физиканың үздік маманы Эрин Гилбертпен бірігіп, олар үздік инженер Джиллиан Хольцман, қаланы бес саусағындай білетін метрополитен қызметкері Пэтти Толан мен хатшы, хас сұлу Кэвинді қатарына қабылдап, елестерді жаңа аулаушылардың тобын жинақтайды. Осылайша, барлығы бірігіп мегаполистің тыныштығын кетірген дүлей күшпен күресті бастайды...



Көрсетілім басталар алдында Алмалы ауданы «Арман» аула клубының директоры Таксиди Магдалина Савична балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы дәріс оқыды. Кинотеатр залында ересектердің балалармен оқыс оқиғалар кезінде бей-жай қалмауы, өзі мен достарын қорғау, сақтық шаралары туралы тікелей диалог орын алды. Балалар өздері сұрақ қойып, берілген тапсырмаларға жауап берді, дәріс шеңберінде оқыс оқиғалар кезінде көмекке шақыратын: 101 – өрт сөндіру қызметі, 102 – полиция,  103 – жедел жәрдем, 104 – газ, 112 – құтқару қызметі сынды телефон нөмірлеріне қатысты білімдері тексерілді. 



Аталған шара балалардың жазғы уақытын дұрыс ұйымдастыру аясында және рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту, мәдениет пен өнерге деген құштарлықты ояту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бойында ұлтжандылық, бейбітсүйгіштік, ұлттық келісім, эстетикалық мәдениетті дамыту үшін өткізілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы аясында, еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты және Алматы қаласының 1000-жылдық мерекелері аясында өтетін аталмыш іс-шаралардың ерекше маңызға ие екендігін ескеру қажет. Ауданның балаларына арналған осындай іс-шаралар бүкіл жаз бойы аудан әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылуда. Жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер ауданның және  қаламыздың кинотеатрларының қызықты жаңа көрсетілмдерін тамашалап, түрлі көптеген спорттық, мәдени іс-шараларға қатысуға шақырылуда. 




04.08.2016