Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.09.2018

«Нұр Отан» партиясы ұстаздарды құттықтады


«1-қыркүйек – Білім күніне» орай, «Нұр Отан» партиясының Алмалы аудандық филиалының өкілдері «Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты» ұстаздарын мерекемен құттықтап қайтты. 



Іс- шараға «Нұр Отан» партиясының Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Әлбисенов, мектеп – интернаттың директоры Қанат Жолдықараев және мектеп – интернаттың ұжымы, яғни «Алмалы – спорт – 1» бастауыш партия ұйым мүшелері толығымен қатысып, мерекелік концертті тамашалады.



Өз сөзінде спорт мектеп-интернатының директоры Қанат Жолдықараев әріптестерін келе жатқан мерекелермен құттықтап, Елбасымыздың білім мен спорт саласына үлкен назарын аударып жатқан саясатының арқасында спорт мектебі қазіргі заманға сай болып табылатынын атап өтті.



Іс-шара барысында жиналған қауымды «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Әлбисенов  құттықтап, ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады. 


04.09.2018