Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.10.2016

Тіл – тұнық ойдың кәусары


Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні аясында «Тіл – тұнық ойдың кәусары» аудандық байқауы өтті. Байқауға 18-22 жас аралығындағы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар қатысып, жеңімпаз атанғандар қалалық байқауға жолдама алды. Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және халқымыздың рухани бірлігін  нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Қатысушылар аталмыш байқауда 3 кезеңде сайысқа түсті. Алғашқы кезең берілген тақырыпқа сәйкес тұсаукесер жасау, яғни үш тілде тақырыпты ашу болды. Екінші кезең үш тілде эссе жазу, ал үшіншісі берілген мәтінді үш тілге аудару.

 

Байқау жастардың білімге құштарлығын, үш тұғырлы тіл саясатына икемділігін көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Қазақстан халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті Дычкова Оксана иемденді. Ал екінші мен үшінші орын Еуразиялық технологиялық университетінің студенттері Назымбеков Сырым мен Күлібаева Талшынға бұйырды. 
Жалпы байқауға студенттерден бөлек, медицина, өнеркәсіп, білім т.б. салада қызмет атқарып жүрген азаматтар белсенді қатыса білді. Әділ-қазылардың айтуынша шешім қабылдау шын мәнінде қиындыққа соққанын ескертті. Себебі, әрбір қатысушының жеңіске талпынысы, білімге ізденушілігі мол екенін атап өтті.
Кроме студентов в конкурсе приняли усастие сотрудники медицинских организаций, промышленности.ю сферы образования и так далее. По мнению жюри им трудно выбрать победителя, так как каждый участник стремился к победе
Қатысушылар құрмет грамоталары мен өзге де сыйлықтармен марапатталды.  


04.10.2016