Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.10.2016

«Жас Барыс»


Алмалы ауданында жасөспірімдер арасында қазақша күрестен «Жас Барыс» аудандық жарыс ұйымдастырылды. 14-19 жас аралығындағы балуандар 12 салмақтық дәрежелер бойынша күш сынасып, жеңімпаздар қалалық байқауға жолдама алды.Аталмыш жарыс ұлттық спорт түрлерін дамыту, жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстауға шақыру, олардың бойында отансүйгіштік пен табандылық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. 



Жарыс барысында 12 салмақтық дәрежеде 70-тен аса жас балуан қатысты. Әр салмақтың иесі жасына қарай іріктеуден өтіп, 14-15 жастағы балалар, 16-17 жастағы жасөспірімдер, 18-19 жастағы жас балуандар күресіп, жеңімпаз атанғандар аламанды қалалық кезеңде жалғастырады.Қазақ күресінен «Жас барыс» турнирі Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті мен Қазақстан Республикасының  Қазақ күресі федерациясы бекіткен ережеге сәйкес, біліктілігі жоғары жаттықтырушылардың төрешілігімен өтті. Әрбір жарысқа қатысушы балуандар құрмет грамоталары мен түрлі сыйлықтарға ие болды. 


04.10.2016