Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.11.2017

Алмалы ауданы әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы өтті


«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалында Алмалы ауданы әкімі, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал төрағасы Жасұлан Естенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.



Қабылдау барысында аудан тұрғындарының бірі бала кезінен мүгедек ұлының портативті оттегі концентраторы аппаратын алуға қаражаты жетпейтіндігін айтып көмек сұрап келді. Өтініш иесінің сұрағы оң шешім тапты, себебі, Жасұлан Тоққожаұлының басшылығымен аудан әкімінің аппараты кәсіпкерлермен бірлесіп, мүгедек баланың анасына қаржылай көмек көрсетті.
Сонымен қатар, аудан тұрғындары Төле би көшесінің бойына қосымша аялдамалар қою туралы ұсыныс жасады. Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы аталған ұсыныс бойынша Алматы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірге қарастыратынын айтты.


04.11.2017