Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.12.2018

Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында Алмалы ауданында «ULY DALA ZHASTARY BOLASHAQQA SENIMMEN» жастар патриоттық форумы өтті


Алмалы  ауданы әкімінің аппараты 1 желтоқсан –ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясында Алмалы жастарының «Патриоттық форумын» өткізді.





Аталған  салтанатты  іс-шараға аудан әкімі Б.Н.Торғаев, Алматы қаласы Мәслихат депутаттары, М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясының проректоры К.Е.Меңдіғалиев  және ауданның қоғам қайраткерлері қатысып, жылы лебіздерін білдірді.
Мемлекет басшысы өзінің биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында  жастарды  жан-жақты  қолдау  жайын айтып, ағымдағы жылдың 14 қарашасында шыққан жарлығына сәйкес, келер 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. 



Алматы - жастар қаласы. Олай деуге себеп 14 пен 28 жас аралығындағы  жастардың саны  65 500 –ден асып, аудан  халқының 30,3% -ын құрайды.
Алматыға жыл сайын қоныс аударатын жастардың саны 20 мыңнан асады. Әлеуметтік өлшемдер бойынша, жас азаматтардың 93% -ы Алматыда тұрғысы келеді, олар мегаполисті өмір сүруге қолайлы орын деп санайтын көрінеді.







Қала бойынша 38 жоғары оқу орнының Алмалы ауданында 16-сы орналасқан, онда 52мыңнан астам студент оқиды (қаланың барлық оқушыларының 35% -ы).
Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын  іскеасыру аясында, оның үшінші бастамасы – жоғары білімнің  қолжетімділігі мен сапасын  көтеріп, студенттердің өмір сүру жағдайларын жақсарту болатын, қазіргі таңда С.Асфендияров  атындағы  Қазақ  ұлттық медицина университетінде 600 орындық  жатақхананың құрылысы  аяқталды.







Сондай-ақ ЖОО-да тағы бес жатақхана салу жоспары қарастырылып отыр. Атап айтқанда: Қазақ қыздар педагогикалық университеті, Алматы технологиялық университеті, Қазақспорт және туризм академиясы, Каспий университеті және Д.Қонаеватындағы Еуразиялық заң  академиясы.



Алмалы ауданында орналасқан жоғары оқуорындары жыл сайын 13 мыңнан астам жасмамандарды дайындап шығарады. Сонымен қатар, Алмалы ауданында 20 колледж және 29 орта мектеп жұмыс жасайды.


02.12.2018