Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.03.2016

Алмалы ауданы әкімі аппараты ауданның нәзік жанды сұлуларын халықаралық әйелдер күнімен құттықтады


Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппараты халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырып өткізді.

Салтанатты мерекелік концерт А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің қабырғасында өтті.

Мерекеге ауданның білім, денсаулық, мәдениет, кәсіпкерлік және бизнес саласында еңбектенетін және ЖОО ректорлары мен проректорлары, арнайы мамандандырылған оқу орда басшылары мен үкімет емес ұйымдарда қызмет атқаратын әйелдер қатысты.

 «Әйел күннің шуағынан жаралған» атты мерекелік концертте Абай атындағы Мемлекеттік  Академиялық опера және  балет театрының жарқын жұлдыздары мен А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі, П.И. Чайковкий атындағы Алматы музыкалық колледжі студенттері өнер көрсетті.

Мың бұралған бишілер мен бұл-бұл құстай сайраған әншілер концертті тамашалауға келген аналар мен қыз-келіншектерге жақсы көңіл-күй сыйлады.

Аяулы аналар қандай құрметке да лайық. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналарымызға күнде сый-сияпат көрсетсек те артықтық етпейді. Әдемілік пен қайсарлық, нәзіктік пен төзімділікті астастырған ардақты аналар мен арулар кішкентай мемлекет саналатын – отбасының ұйтқысы, алтын қазық берекесі.


05.03.2016