Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.05.2015

Алмалы ауданындағы П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледждің концерт залында «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран!» мерекелік салтанатты концерт өтті


2015 жыл - Ұлы Отан соғысы ардагерлері және Ұлы Жеңістің 70 жылы. Осынау мамыр айының алғашқы жайма-шуақ күндері осы бейбіт заманға жете алмай қалған соғысқа қатысқан ата, ағаларымызды еске аламыз.

Отан үшін от кешкендер саны күнен күнге азайып барады. Осыған байланысты Алмалы ауданының №4 ОКЖ және П.И. Чайковский аындағы музыка колледжі бірлесіп 1941-1945 жж Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 70 жылдық мерейтойына арналған «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран!» атты салтанатты концерт ұйымдастырып өткізді.

Аталған шараның мақсаты - жастарды Отанды сүюге, патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, Отан алдындағы жауакершілікке, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Мерекелік концерттік бағдарламаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Б.Самединова, С.Нурмаганбетова, Куралай және Мирас Бекжановтар, Абай атындағы опера және балет театры әртістері Т.Кузембаев, Ж.Жумагазин, А.Сметянин, А.Часоватина, И.Тен және тағы басқалары қатысты.

05.05.2015