Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.01.2017

Университеттің белсенділері «Ақсай» клиникасында балаларға Жаңа жыл кешін ұйымдастырды


Жаңа 2017 жылды мерекелеу қарсанында, Университеттің Студенттік Үкіметінің «Мейірімді жүрек» еріктілер ұйымы, «Студенттердің Ғылыми Қоғамы», «KazNMU Students» студенттік ұйымдарының ұйымдастыруымен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің  «Ақсай» Республикалық балалар клиникалық-ауруханасында еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған кішкентай науқастарға арналған жаңа жылдық ертеңгілік іс-шарасы өтті.



Университет белсенділері, кештің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақардың, ұйымдардың өнерлі студенттерінің қатысуымен балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.



Іс-шараның басты мақсаты: университет студенттерінің бойындағы гуманизм, адамгершілік қасиеттерін дамыту болды.Ертеңгілік соңында ата-аналар мен бүлдіршіндер жаңа жылдық іс-шараның ұйымдастырушыларына алғыс айтып, оқуларына сәттілік, жұмыстарына табыс тіледі.


05.01.2017