Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.04.2017

Роза Тәжібайқызы Бағланованың 95 жылдығына орай «Ақмаңдайлым» әншілер байқауы


Алматы технологиялық университетінде Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен «Алтын сақа» қайырылымдылық қорының ұйымдастыруымен КСРО және Халық әртісі, халық қаһарманы Роза Бағланованың 95 жылдық мерейтойына орай, «Ақмаңдайлым» әншілер байқауы өтті.
Байқауға Алмалы ауданының студенттері және жоғарғы оқу орындары мен  жалпы білім беретін мектептердің жас мұғалімдері қатысты. 



Іс-шараның мақсаты: жастардың қазақ өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру және өзгеше идеяларын іздестіру, жастардың адамгершілік және көркемдік дамуын қалыптастыру. Сонымен қатар, Халық қаһарманы, Халық әртісі Р. Бағланованың өмір жолы мен жасаған еңбектерін насихаттау болып табылады. 



Қатысушылар  Р. Бағланованың репертуарынан 1 ән орындап, сайысқа түсті. Әділқазылар алқасы талапкерлердің әнді жанды дауыспен орындауын, шығарманың орындау деңгейі мен сахналық киім үлгісіне мән беріп, сынға алды.



Байқаудың бас жүлдесі Алматы технологиялық университетінің студенттері Бердіғалиұлы Саят пен Жайкенова Әсемге бұйырды. Олардың орындауындағы «Тальяночка» әні көрермендерді де, қазылар алқасын да тамсандырып, ерекше көңілге бөледі. Бірінші орынды С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті Атымтайқызы Әсем «Ақмаңдайлым» әнімен иемденді. Ал екінші орынды №36 мектеп-гимназиясының оқытушысы Сьезбек Өртқали мен ҚазМҚПУ студенті Қазиева Мөлдір бөлісті.  




05.04.2017