Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.04.2017

Алмалы ауданында "Көмбе нанның дәмі" атты спектакльдің қайырымдылық көрсетілімі өтті


Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен    «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға арнап, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Көмбе нанның дәмі» атты спектакльдің қайырымдылық көрсетілімі өтті.
«Көмбе нанның дәмі» спектаклі сонау соғыс жылдары тылда қалған халықтың басындағы нәубет халді суреттейді. Сұрапыл майдан елдегі ер-азаматты түгел сыпырып алып кеткенде, барлық қиямет-қиыншылық ауылдағы шал-кемпірдің, бала-шаға мен әйелдердің мойнына қыл шылбыр болып ілінді. Сол бір кез тағы бір сұмдығымен тарихта қалды. Ол – Кеңес өкіметінің саясатына қайшы болып көрінген ұлттарды туған жерінен айырып, басқа мекенге депортациялау болатын. Жер аударылғандар қазақ ауылына келді. Ел мен елдің, ұлт пен ұлттың бауырласуы, ұлтымыздың қонақжайлығы спектакльге арқау болды. Туындыда қазақтың өзі қайғыдан қан жұтып, аш-жалаңаш отырса да, пана іздеп келген жұртты сыртқа теппей, аялы алақанын қалай ұсынғаны баяндалады. 
Спектакльге келген балалар бұл көрсетілімнен мол тағылым алып, еліміздің өткен тарихымен танысып, ел мен елді, ұлт пен ұлтты біріктіретін бірлік, ауызбіршілік екенін ұғынып үлкен әсер алды. Мағынасы терең, өскелең ұрпаққа зор тәрбие беретін осындай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Игі шара мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасы мен көпбалалы отбасылардың балаларының мәдениет пен өнерге деген сүйіспеншілігін оятып, эстетикалық мәдениетін дамыту, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуды, балалардың көктемгі демалысын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылуда.   


05.04.2017